«Ұзақ мерзімге сотталды». Еліміздің бірнеше облысында «блогерлер» ұсталды
Олар мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге қоқан лоққы көрсетіп, бопсалаған
Ішкі істер министрлігі "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету аясында қоғамдық қызметтің атын жамылып, өздерінің арам пиғылдарын көздейтін "блогерлерді" әшкерелеу бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz. мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері осындай 20-дан астам фактіні анықтап, жолын кесті.
Осыған ұқсас жағдайлар Атырау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. Барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысында "блогерлер" қаралайтын мәліметтерді жариялау туралы қоқан-лоққы жасай отырып, оқу орындарының басшыларынан үлкен көлемде ақша бопсалаған.
Сот оларға 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ІІМ бопсалау жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.