«Заңсыз 100 млн теңгеге көмір сатып алған». СҚО әкімдігінің заңсыз сатып алу жүргізгені анықталды
Сатып алулардың жалпы құны 3,6 млрд теңгені құрайды
СҚО прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзған фактілерді анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу» және «ҚР сәулет-қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отырып, сомасы 3,6 млрд. теңгеге жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарсыз, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізген.
Ал, Шал ақын ауданында Экономика және қаржы бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қайшы, аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпей сомасы 57,8 млн теңгеге сатып алу жүргізген. Есіл ауданында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Заңның 21-бабын бұза отырып, сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 млн теңге сомасында көмір сатып алуды жүзеге асырған.