Зейнетақы үш ай пайдаланылмаса, төлем тоқтайды: бұл норма күшінде қала ма
Зейнетақы есепшотындағы қаражат үш ай бойы пайдаланылмаса, төлемдерді тоқтату туралы норманың күшін жою жоспарланып жатыр ма?
Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты департаменттің өкілі Баян Хасенова жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұған дейін министрлік әлеуметтік кодекстің 204-бабы 1-тармағына сілтеме жасап, зейнет жасына байланысты және базалық зейнетақы төлемдері тоқтатылатынын мәлімдеген еді. Себебі үш айдан аса уақыт бойы алушының банк шотында ешқандай қозғалыс болмаған жағдайда төлемдер уақытша тоқтатылады.
Баян Хасенованың айтуынша, бұл норманы алып тастау әзірге жоспарланып отырған жоқ.