Зейнетақы жинағында артық қаражаты бар қазақстандықтарға ескерту жасалды
Мамыр айында зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі ұлғаяды.
«Отбасы банкінің» мәліметінше, шамамен мамыр айында елімізде зейнетақы жинағын алу шегі ұлғаяды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осыған байланысты мамандар зейнетақы жинағындағы жеткіліктілікті шегінен асатын соманы сәуір айының соңына дейін рәсімдеп үлгеруге шақырып отыр.
Зейнетақы қорынан Отбасы банкіне қаражат аудару тәртібі:
— ЭЦҚ алып, NCALayer (PKI.GOV.KZ) бағдарламасын орнатыңыз
— Жеке кабинеттен қолжетімді соманы тексеріңіз (CABINET.ENPF.KZ)
— Отбасы банкінің мобильді қосымшасы немесе бейнебанкинг арқылы арнайы шот ашыңыз
— enpf-otbasy.kz порталында ЭЦҚ көмегімен жүйеге кіріңіз
— Қажетті мақсатты таңдап, соманы көрсетіп, өтініш жолдаңыз (2 жұмыс күніне дейін)
— Қаражат арнайы шотқа түседі (3–5 жұмыс күні ішінде)
— Құжаттарды жүктеп, өтінішті растаңыз (20 жұмыс күні ішінде)
— Тексеруден кейін қаражат аударылады (10 жұмыс күніне дейін).