«Жұмысшысын ұрып өлтірген». Жаңаарқа ауданының экс-әкімі күдіке ілінді
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді
Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі Сәкен Оспанов жұмысшысын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Марқұмның аты-жөні – Дмитрий Рябцев екен. Ол әйелі, екі баласымен бірге шаруа қожалығында жұмыс істеген. Жұмыс орны қолайсыз болғандықтан ол жерден қашып кетіп, аудан орталығындағы хостелде түнемек болған.
Сәкен Оспанов сол жерге барып, жанжал шығарған. Әзірге ұрыс неден туындағаны белгісіз. Алайда бұрынғы әкім Дмитрий Рябцевті отбасының көзінше ұрып тастаған.
Ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.