Елімізде

Жаңаөзенді су басты деп байбалам салған тұрғын айыппұл арқалады

Енді ол 73 мың теңге айыппұл төлейді

Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттуков жалған ақпарат таратқан азамат жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Прокурордың сөзінше, кейбір тұлғалар қасақана мүлдем шындыққа жанаспайтын ақпараттарды, бейне және аудиожазбаларды таратып жатыр екен.

Еске салайық, 6 сәуірде халыққа үндеуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпарат таратпау керегін айтқан.

 

Автор: Дамир Қанатов

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті