Жаңбыр, жел, найзағай: алдағы күндері ауа райы тосын мінез көрсетеді
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінде найзағай, екпінді жел, жаңбыр күтіледі.
«Қазгидромет» 13–15 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Астана
13 шілде: күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.
14 шілде: Ара-тұра жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, кейін батыстан – 9-14 м/с. Түнгі температура +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
15 шілде: күн бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Батыс желі – 9-14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C.
Алматы
13 шілде: Бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан – 3-8 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
14 шілде: Бұлтты, жауын жаумайды. Шығыстан соғатын жел – 3-8 м/с. Түнгі ауа температурасы +20…+22°C, күндіз +32…+34°C.
15 шілде: Бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан – 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +21…+23°C, күндіз аптап ыстық – +33…+35°C.
Шымкент
13 шілде: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан – 8-13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.
14–15 шілде: күн бұлтты, жаңбыр болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел – 8-13 м/с. Түнде +23…+25°C, күндіз +37…+39°C.
Тараз
13 шілде: Күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан – 5-10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.
14 шілде: Аспан ашық, құрғақ ауа райы. Жел солтүстік-шығыстан – 7-12 м/с. Түнгі температура +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
15 шілде: Аспан бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Жел – 5-10 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +36…+38°C.