Елімізде

Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

24–25 желтоқсан күндері Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Синоптиктердің мәліметінше, аталған күндері облыс аумағында кей уақыттарда тұман түседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыстың оңтүстік бөлігінде және таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Жел бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады. 24 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында, ал 25 желтоқсанда таулы аймақтарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Тараз қаласында да 24–25 желтоқсан күндері кей уақыттарда тұман болады деп болжануда.

Осыған байланысты Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарына жолда мұқият болып, ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.