Елімізде

Жамбыл облысындағы 53 мектеп Starlink спутниктік жүйесіне қосылған

The final spritzer

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин жұмыс сапары аясында Жамбыл облысында халықпен кездесіп, азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өз сөзінде вице-министр облыс бойынша офлайн форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін 19 бөлімше мен 1 арнайы ХҚКО бар екенін айтты. Осы жылдың басынан бері Жамбыл облысы бойынша 475 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2024 жылы Тараз қаласының 15-шағын ауданында ХҚКО ашу жоспарланып отыр.