Елімізде

«Жастарды бопсалаған». Павлодарда қылмыстық топ ұсталды

Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған

Павлодарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz мәлімдегендей, олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартқан. Петропавл қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған.

 Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады.

Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша жүзеге асырылуда.