Жетісу облысында баласына күш көрсеткен ана қамауға алынды
Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, күдікті әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеу амалдары басталған. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Балалар қауіпсіз жерге орналастырылған, олардың өмірі мен денсаулығына қатер жоқ. Сонымен қатар, ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына тиісті ұсыныс жолданбақ.