Елімізде

Жетісу облысында мектептерде тамақтануға негізсіз 20 миллион теңгеден асатын қаржы төленген

Мұны прокурорлар анықтады. Тексеріс нәтижесінде жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілері белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.
Алайда, білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген.
Осыған ұқсас бұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған. Осы анықталған бұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілген.