Әлемде

19 жастағы жігіт 76 жастағы әжеге үйленді

19 жастағы жігіт 76 жастағы әжеге үйленді

Италиялық 19 жастағы Джузеппе Д'Анна 76 жастағы сүйіктісіне сезімін білдірді. Тіпті оған ұсыныс жасаған.

Джузеппе Д'Анна TikTok желісінде егде әйелінің алдында оң тізесімен тізерлеп тұрып сезімін білдірген видеосын жариялады. Бұл кезде әйел қолында жүрек тәрізді шарлардың шоғырын ұстап тұрды. Жас жігіт тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Неке сақинасының суретін де жариялады. TikTok қолданушылары 56 жас айырмашылығы бар жұптың қарым-қатынасын құптамады. Кейбір пікірлерде Д'Аннаны сынға алды. Кейбірі жігіттің Sony PlayStation 5 сатып алғысы келетінін айтты. Басқа пікірлерде видеода оның әжесі немесе үлкен әжесі болған деген болжам бар. Жас жігіт мұндай болжамдарды жоққа шығарып, 76 жастағы әжейге ғашық екенін және олар шынымен үйленетінін растады. Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың Теннесси штатының 77 жастағы тұрғыны Альмеда Хардвик 23 жастағы жігітпен танысқаннан кейін екі аптадан соң үйленді. Ол болашақ күйеуін ұлының жерлеу рәсімінде кездестірді.