дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 10:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

5G балаларға зиян деген рас па?

5G балаларға зиян деген рас па?
ашық дереккөзі
5G балаларға зиян деген рас па?

Кейінгі кезде "5G балаларда түрлі аурудың әсер етеді" деген пікір белең алды. Былтырдан бастап дүниежүзі мемлекеттері бесінші буын ғаламторының қуатын сынақтан өткізе бастаған еді. Алайда қазір оған қарсы көңіл-күй толастамай тұр. Мәселен, Польшада 5G тарататын мұнараларды бірінен кейін бірін құлатып, вандализм жасаушылар 5G деген не?

5G (fifth generation) – телекоммуникацияның миллиметр диапазонмен тарайтын жиілік стандарты. Мәселен, АҚШ-та 2016 жылдан бастап 28 ГГц, 37 ГГц және 39 ГГц жиілікті қолдануға рұқсат берілсе, Ресейде 4,4–4,9 ГГц қолдануға басымдық берілді. Бұл дегеніміз – жиілікті арттыру үшін 100-200 метр сайын байланыс мұнарасын орнату керек деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, жарық бағандары қалай жиі орнатылса, байланыс бағандары да дәл солай жиі орнаталмақ.

Бұл – мобильді байланыстың бесінші буыны, секундтына гигабайт мәліметті жүктеуге мүмкіндік береді. Швецияда қазір 15 Гбит/с жылдамдықпен ғаламтор қолдануға болады. Яғни, 4G-дің жылдамдығынан 40 есе көп. Ал Корея мұны 100 гегабайтқа дейін жеткізуді қалап отыр.

5G қосылса, сигналдың берілу уақыты он есе азаймақ. Егер 4G-да деректер 10 миллисекундта берілсе, бесінші буында бір миллисекундтың өзі жеткілікті. Ал 3G-да – 100 миллисекундта беріледі.

Stop5G қозғалысының пікірі

Әлемнің түкпір-түкпірінде басталған аталмыш қозғалыстың өкілдерінің айтуынша, 5G технологиясы қолданатын электромагниттік сәулелену жиілігі қысқа толқынды пеш пен кейбір әскери қару түрлерінде қолданылатын жиілікпен бірдей. Ал бұл адам мен жануар денсаулығына зиянын тигізері анық. Бұған ірі медициналық зерттеу жасалмағандықтан, оның зияны жайлы нақты айту қиын, бірақ залалы жоқ деп айту да ағаттық. Өйткені оны жоққа шығаратын да зерттеу жоқ.

Ал телекоммуникация гиганттары мұндай зерттеу жасауға қаржы бөлгісі келмейді. Осыдан әлемде Stop5G қозғалысы пайда болды.

massaget
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар