жұма, 9 қаңтар, 2026 13:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығатынын мәлімдеді

АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығатынын мәлімдеді
Pixabay.com
Шығу туралы шешім қабылданған ұйымдардың толық тізімі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған.

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің 66 халықаралық ұйымдағы мүшелігін тоқтату жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Silkway телеграм арнасына сілтеме жасап

Оның ішінде 31 ұйым БҰҰ жүйесіне кірсе, қалған 35-і БҰҰ-дан тыс құрылымдар.

Ақ үйдің хабарлауынша, бұл ұйымдардың қызметі АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сай келмейді. Шығу туралы шешім қабылданған ұйымдардың толық тізімі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған.

Аталған ұйымдар қатарында Украин ғылыми-технологиялық орталығы, Венеция комиссиясы, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілінің кеңсесі және БҰҰ Демократия қоры бар.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, әкімшілік бұл құрылымдарды тиімсіз, қаржысы дұрыс пайдаланылмайтын, басқаруы әлсіз әрі елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деп санайды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар