АҚШ президенті Дональд Трамп Чарли Киркке оқ атқан адам ұсталғанын мәлімдеді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қыркүйек, 2025
- 373
АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News-ке берген мәліметінде белсенді Чарли Киркті өлтіруге күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мен үлкен сенімділікпен айта аламын – біз оны ұстадық. Барлығы тамаша жұмыс істеді. Жергілікті полициямен, губернатормен бірге әрекет еттік, бәрі ойдағыдай орындалды", – деді Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Кирктің жары күйеуінің қазасына қатты қайғыруда.
"Кеше әйелімен сөйлестім. Ол өте ауыр халде. Соған қарамастан, олар Turning Point ұйымының жұмысын жалғастыруын қалайды", – деді Трамп Кирк құрған коммерциялық емес ұйымды меңзеп.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде тарап кеткен қастандық сәтінің видеосын көрмегенін айтты.
Бұған дейін ФБР күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстауға көмектескен ақпарат үшін 100 мың доллар көлемінде сыйақы жариялаған болатын.
10 қыркүйек күні Чарли Киркке Юта Вэлли университетінің кампусында сөз сөйлеп тұрған сәтінде оқ атылды. Оқ тигеннен кейін екі сағат өткенде Трамп Кирктің қайтыс болғанын мәлімдеді.






