Әлемде

АҚШ-та алғашқы қазақтілді радио ашылды

АҚШ-та алғашқы қазақтілді радио ашылды

Бұл туралы «Freedom FM» радиотолқынына қазақстандық контент енгізіп жатқан Данияр Қожан Ұлттық арнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында үш жылдан бері тұрып жатқан ол америкалық ірі «Freedom FM» радиотолқынына қазақтілді бағдарлама қазан айынан бастап эфирге шығатынын айтты.

Данияр Қожанның айтуынша, «Freedom FM» толқынындағы бағдарлама әзірге аптасына бір рет, әр жұма сайын шығып тұрады. Ол хабардың тағдыры оны халықтың қалай қабылдауына байланысты екенін айтады.

baq.kz