АҚШ-та транс-әйелдердің әйелдер жарысына қатысуына тыйым салынды
Бұл шешім президент Дональд Трамптың биологиялық жынысты заң жүзінде тану туралы жарлығына сәйкес қабылданды
АҚШ-тың Олимпиада және Паралимпиада комитеті (USOPC) жүзу, жеңіл атлетика және өзге де спорт түрлерінің ұлттық федерацияларына ақпан айында Дональд Трамп қол қойған жарлықтың талаптарын орындау міндетін еске салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Халықаралық Олимпиада комитеті әр спорт түрі бойынша федерацияларға Олимпиада ойындарында өз ережелерін бекітуге мүмкіндік беріп отыр. Қазірдің өзінде кейбір федерациялар осы бағытта нақты қадамдар жасай бастады.
Биологиялық жынысты ғана мойындау туралы жарлықты Трамп президенттік қызметіне кіріскен сәтте – 20 қаңтарда – бірінші кезекте қол қойған болатын. Бұл құжатта транс әйелдердің әйелдер арасындағы спорт жарыстарына қатысуына тыйым салынады. Сондай-ақ, транс әйелдерге рұқсат беретін мектептер мен университеттерді мемлекеттік қаржыландырудан айыру қарастырылған.
АҚШ-тың Ұлттық студенттік спорт қауымдастығы (NCAA) Трамптың осы жарлығына сәйкес транс әйелдердің цис әйелдермен (биологиялық әйелдермен) бірге жарысуына тыйым салды.