АҚШ-тағы ұзаққа созылған шатдаун аяқталды
Құжатты 222 депутат қолдап дауыс берді
Сәрсенбі күні кешке Өкілдер палатасы бюджет жобасын мақұлдап, 42 күнге созылған шатдаунның нүктесін қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы шешімнен кейін федералды үкімет өз жұмысын қайта жалғастырады.
Құжатты 222 депутат қолдап дауыс берді. Бұған дейін оны Сенат та мақұлдаған болатын.
Енді бюджет жобасына АҚШ президенті Дональд Трамптың қол қоюы ғана қалды. Осыдан кейін үкіметтің қызметі ресми түрде қайта жанданады.