Әлемде

Алексей Навальный колонияда қаза тапты

The final spritzer

Саясаткер 47 жасында өмірден озды

Ресейдегі оппозиционер Алексей Навальный 16 ақпан күні Ямало-Ненецк автономиялық округіндегі колонияда қаза тапты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Бұл ақпаратты  Федералдық қылмыстық атқару қызметінің департаменті растаған. Дереккөзге сүйенсек, Навальный бүгін түскі серуеннен кейін есінен танып, артынша жүрегі тоқтаған. Бірнеше күн бұрын оның баспасөз хатшысы Навальный түрмеге түскеннен бері 27 рет арнайы изоляторға қамалғанын жазған еді. 

Айта кетейік, орыс оппозиционері Алексей Навальный 2022 жылы наурызда "алаяқтық" және сотқа құрмет көрсетпегені үшін 9 жылға сотталған болатын.