Рәсім барысында Елші Абзал Сапарбекұлы саябақтың ашылуына қолдау көрсеткені үшін бауырлас Түркия мемлекетіне өз алғысын білдіріп, халықаралық деңгейдегі осындай іс-шаралар алдағы уақытта да екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Іс-шарада концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, хакім Абайдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Ұлы ақын мұрасының бауырлас елде ерекше дәріптеліп жатқанына ризашылығын білдірген А.Сапарбекұлы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылы жарық көрген мақаласындағы "Қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді", деген сөздерін назарға алды.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Анталия қаласы Мұратпаша ауданының Мэрі Үміт Үйсал, саябаққа Абай Құнанбайұлының есімін беру қазақ және түрік халықтарының рухани әрі мәдени жақындығын көрсететін маңызды іс-шара екенін атап өтті. "Абай есімі түркі әлемін бірлікте ұстайтын ұлы есімдердің бірі" екенін айта отырып, екі ел арасындағы бірлік пен ынтымақтастыққа өзіндік үлес қосатынын жеткізді.
Абай Құнанбайұлы саябағында ескерткіш тақтаның ашылуына Анталия қаласы Мұратпаша ауданының мэрі Үміт Уйсал, елдің саяси және қоғамдық қайраткерлері, Қазақстан және Еуразия халықтарының достық пен мәдениет қауымдастығы төрайымы және мүшелері, жергілікті қазақ диаспорасы, қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қазақстан өлім жазасын алып тастады
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024