Аптаптан бас сауғалаған 2 мыңға тарта адам жерасты қалашығында өмір сүріп жатыр (фото)
Аптаптан бас сауғалаған 2 мыңға тарта адам жерасты қалашығында өмір сүріп жатыр (фото)
Австралияның шалғай түкпірінде жер астында тұтас қалашық бар. Бұл өзгеше елді-мекен Кубер-Педи («Апандағы ақ адам») деп аталады. Шөл далада адамдардың жердің астында өмір сүруіне не түрткі болды? Тарихқа сәл шегініс: 1915 жылы Джим Хатчисон мен оның Уильям есімді ұлы және тағы екі австралиялық азамат Аделаидо мен Алис-Спрингс арасынан алтын іздеуге жолға шығады. Олар іздегендерін таппайда, алайда, басқа жаңалықты ашады. Олар палаткасын құрып, су іздеуге кеткенде 14 жастағы Уильям жердің бетінен жылтыр тастың (сүтті-көгілдір түсті минерал) бірнеше кесегін тауып алады. Мұндай қазынаның үстінен түскен олар сол жерде тұрақтап қалады.
Бүгінде шамамен 70 кен орны бар аумақ 5000 шаршы шақырымды құрайды. Әлемдегі асыл тастардың 70%-дайы осы жерде шоғырланған. Асыл тас әлемнің әр түкпірінен адамдардың ағлыып келуіне түрткі болды. Юүгінде аталған жерасты қаласында 1800-ден аса тұрғын бар. Олар әлемнің 45 елінен келген. Лардың дені еуропалықтар. Жаз мезгілінде 45 градусқа жететін аптап ыстықтан бас сауғалап жер астына түскен. Жерасты пәтердегі ауа температурасы 23-25 градустан аспайды. Терезе жоқ болғандықтан шаң мен тозаңнан ада. Жерасты қалашығының өз мейрамханасы мен дүкені, шіркеулері, қонақ үйі, кемпинг, т.б. бар. Кубер-Педи топырағы қатты болып келетіндіктен опырылып қалудан қаупі жоқ.
islam.kz