Армения Қарабақ тәуелсіздігін мойындау шарттарын айтты
Армен Саркисянның айтуынша, Баку жағдайды бейбіт жолмен шешуге ниет білдірмейтіні түсінікті болса, Ереван Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындайды. Ол кезінде Армения келіссөзді "қиындатпау" үшін Қарабақ тәуелсіздігін мойындау процесін "тоқтатып қойғанын" атап өтті.
"Бұл сондай үңгір. Егер бұл үңгірдің соңында жарық болса - Таулы Қарабақ мәселесін бейбіт жолмен шешу жарығы бар болса, онда тағы күтуге болады. Ал егер болмаса (яғни Әзербайжан Түркияның көмегімен келіссөзді бейбіт жолмен шешуге келмесе), онда әрине, Армения Қарабақ тәуелсіздігін мойындамайды", - деді ол "Коммерсант" басылымына берген сұхбатында.Саркисян "үңгірдің соңында жарықтың сөнбегенін қалайтынын" атап өтті. Еске салайық, 27 қыркүйекте Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения жағы Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылы ақпанда, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан КСР құрамынан шығатынын жариялағанда басталған болатын. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылаудан шығарып алды. 1992 жылдан бері жанжалды бейбіт реттеу бойынша ЕҚЫҰ-ның Минск тобы шеңберінде Ресей, АҚШ және Франция тең төрағаларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзербайжан өзінің аумағы тұтас болғанын талап етеді, ал Армения мойындалмаған республиканың мүддесін қорғап отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024