Әлемде

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді. "Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз. Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз", - делінген ҚР СІМ хабарламасында. tengrinews