Армения Таулы Қарабақ мәселесін қалай шешуге болатынын айтты
Армения Таулы Қарабақ мәселесін қалай шешуге болатынын айтты
Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты келіссөздердің екінші кезеңі де сәтсіз аяқталды. 18 қазанда басталған өзара келісулерден ештеңе шыққан жоқ, деп хабарлайды РБК ақпараттық агенттігі. Арменияның Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында Таулы Қарабақ мәселесін қантөгіспен шешуге болмайтынын, оның шешімі тек бейбіт келіссөздер екеніне жеткізген. Сондай-ақ Армения ведомствосы Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігін кейбір ақпаратты бұрмалап беріп жатқаны үшін сынға алды. «Мәселен, олар «Әзірбайжан мен Түркия бейбіт келіссөздерге дайын. Бірақ оны Армения тарапы қабылдамай отыр» деген бағытта мәліметтер таратумен әлек. Шын мәнінде Армения тарапы қақтығыстарға жол бермей, мәселені қарусыз шешуге әзір»,- делінген хабарламада. РБК агенттігінің хабарлауынша, Армения үкіметі кикілжіңді әскери шабуылға ұластырмай, өзара келісімге келу арқылы шешуге қадам жасап отыр. ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағалары халықаралық талаптарға сүйене отырып, екі жақты атысты тоқтатуға мүдделі. Алайда, Таулы Қарабақ бойынша келіссөздің екінші кезеңі де сәтсіз аяқталды. Баку мен Ереван арасындағы атыс жалғасып жатыр. Бір-бірін айыптаумен шектелген тараптар соғысты тоқтатар емес. alashainasy