Әлемде

Қазақстан Ауғанстанға 3,4 тонна медициналық өнімді тегін жеткізді

The final spritzer

KazAID халықаралық даму агенттігінің мәліметінше, Қазақстан бірнеше күн ішінде Ауғанстанға екінші гуманитарлық көмек партиясын жолдады.

Көмекті қабылдаған – Ауғанстанның Төтенше жағдайлар министрлігі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұған дейін теміржол арқылы 2,2 тонна өсімдік майы, ұн, күріш, шатырлар мен көрпелер жіберілген болатын. Бұл жолы 3,4 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар әуе көлігімен жеткізілді.

"Қазақстан аймақтағы тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуды жақтайды және гуманитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрі қарай да үлес қосуға дайын", – делінген хабарламада.