Әлемде

Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы ынтымақтастық болашағы талқыланды

Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы ынтымақтастық болашағы талқыланды

Қазақстан Республикасының Елшісі Әлібек Бақаев іссапармен Вадуц қаласына (Лихтенштейн) барды. Лихтенштейн Сыртқы істер министрлігінде болған кездесуде тараптар халықаралық аренадағы өзара әрекеттестік, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы ынтымақтастықтың келешегі мол бағыттарына қаржы саласы мен банк секторының инновациялық дамуы жатады. Тамақ өнеркәсібі мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық та жоғары әлеуетке ие. Елші «Kaiser» компаниясының (арнайы коммуналдық техника мен адымдағыш экскаватор жасайтын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі) басшылығымен бұл саладағы ынтымақтастықтың мүмкіндерін талқылады. Компания азиялық нарықты игеруге мүдделі. Ал Қазақстан өзара тиімді шарттар негізіндегі ынтымақтастық үшін оңтайлы жағдайлар ұсынуға дайын. inform.kz