Әлемде

БҰҰ Армения мен Әзербайжанды қақтығысты тоқтатуға шақырды

БҰҰ Армения мен Әзербайжанды қақтығысты тоқтатуға шақырды

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Армения мен Әзербайжанның әскери қимылдарды дереу тоқтатып, келіссөзді бастауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Таулы Карабактағы жағдайға қатысты Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұйым төрағасы Абду Абарри мәлімдеді. Халықаралық құрылым, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының қақтығысты шешуге бағытталған кез келген әрекетін қолдайтынын жеткізді. Еске сала кетейік, Таулы Карабакта өткен жексенбі күні Әзербайжан күштерімен қақтығыс басталып, аймақтағы жағдай шиеленісіп кетті. Баку мен Ереван ахуалдың ушығуына бір-бірін айыптап отыр. Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Таулы Карабак күштері Әзербайжан әскерінің барлық шабуылына тойтарыс берген. Баку бұл мәлімдемені жоққа шығарды. 24.kz