жексенбі, 22 маусым, 2025 11:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҰҰ дүниежүзілік туу көрсеткішінің төмендеу себебін атады

БҰҰ дүниежүзілік туу көрсеткішінің төмендеу себебін атады
Pixabay.com
Туу көрсеткішінің төмендеуі – өмір сүру құнының артуы мен болашаққа деген алаңдаушылықпен тікелей байланысты. Бұл туралы БҰҰ Халықтың қоныстануы жөніндегі қоры (ЮНФПА) дайындаған жаңа баяндамада айтылды, деп жазады "Новости ООН" сайты.

Зерттеу 14 елде жүргізілген. Бұл елдерде Жер шары халқының үштен бір бөлігі тұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сауалнама нәтижесінде, әрбір бесінші адам өзі қалаған мөлшерде бала сүюге мүмкіндік жоғын айтқан.

Туу көрсеткішінің төмендеуіне себеп ретінде қатысушылар келесідей факторларды атап өткен:

бала тәрбиесіне кететін шығынның көптігі;

еңбек нарығындағы тұрақсыздық;

қолжетімді тұрғын үйдің жетіспеуі;

әлем болашағына деген алаңдаушылық;

сенімді серіктің жоқтығы.

Баяндамада бұл мәселелерге экономикалық тұрақсыздық пен қоғамдағы гендерлік теңсіздік сияқты факторлар әсер ететіні айтылған.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі экономикалық жағдайды – өз армандаған отбасын құруға кедергі деп атаған. Сонымен қатар, әрбір үшінші әйел жоспарсыз жүктілікке тап болғанын айтқан. Ал 50 жастан асқан қатысушылардың 40%-ы қалағанынша бала сүюге мүмкіндігі болмағанын жеткізген.

ЮНФПА мамандары туу көрсеткішін арттыру үшін қолданылатын жалаң немесе мәжбүрлі шаралар – мысалы, бір реттік жәрдемақы беру немесе бала туу бойынша жоспарлы көрсеткіш енгізу – тиімсіз әрі адам құқықтарын бұзуы мүмкін деп есептейді.

Сондықтан қор әлем елдеріне халыққа көбірек мүмкіндік беретін жүйелер қалыптастыруды ұсынады. Атап айтқанда:

қолжетімді баспанаға инвестиция салу,

тұрақты әрі әділ еңбекақы төленетін жұмыс орындарын құру,

бала күтіміне лайықты ақы төленетін демалыс енгізу,

репродуктивті денсаулық қызметтерін толық қамтамасыз ету қажет.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар