Әлемде

Біз үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрмыз - Трамп

Біз үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрмыз - Трамп

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденді әлемді үшінші дүниежүзілік соғыстың шегіне жеткізді деп айыптады. Бұл туралы Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Дональд Трамп Оңтүстік Каролинадағы республикашылдармен сөйлесті. Ол АҚШ-тың қазіргі президентінің қабілетсіздігін мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, егер ол президенттік қызметті өзі атқарған болса, онда Украина мен Ресей арасындағы соғыс болмас еді. Саясаткер егер өзі мемлекет басшысы болып тағайындалса, 24 сағат ішінде бұл елдер арасында бейбіт келісімге қол жеткізетініне, «күш арқылы тыныштықты» қайтаратынына уәде берді.