Әлемде

Ер адам балыққа арналған қорап ішінде 3 күн бойы мұхитта жүзген

Ер адам балыққа арналған қорап ішінде 3 күн бойы мұхитта жүзген

Индонезиялық балықшы үш күн бойы мұхитта балыққа арналған қорап ішінде жүзіп, тірі қалды, - деп хабарлайды  Newsflare.

Индонезияның Солтүстік Малуку провинциясындағы 46 жастағы Удин Диман 14 қыркүйекте балық аулауға кетіп, сол күні кешке үйіне оралмаған. Бір күннен кейін балықшының отбасы полицияға жүгінген.

"Біз оның үш күн бойы тамақсыз және сусыз қалай тірі қалғанын білмейміз, бірақ оның жолы болды. Біз оның табылғанына қуаныштымыз", - деді құтқару тобының жетекшісі.

tengrinews.kz