Әлемде

Ердоған Путинмен сөйлесті: Анкара бейбіт диалогқа жол ашуға ниетті

Түркия Ресей мен Украина арасындағы диалогты жандандыруға дайын екенін мәлімдеді.

Президент Режеп Тайип Ердоған Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Анкара екі тараптың тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік беретін кез келген дипломатиялық бастаманы қолдауға әзір екенін жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әңгіме барысында екіжақты қатынастар, Украинадағы соғыс және өңірлік әрі жаһандық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.