сенбі, 23 қараша, 2024 9:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Францияда Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен профессордың басын кесіп тастады

Францияда Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен профессордың басын кесіп тастады
ашық дереккөзі
Францияда Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен профессордың басын кесіп тастады
Париждің маңында 18 жастағы жергілікті тұрғын сыныпта сөз бостандығын талқылау кезінде Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттерді көрсеткені үшін тарих пәнінің профессоры П. Сэмюэлдің басын кесіп тастады. Оқиға 16 қазан күні түстен кейін болған. Қылмыс нұсқаларының біріне сәйкес, оқушылардың бірінің әкесі  көшеде мұғалімге ас үй пышағымен шабуылдаған. БАҚ қылмыскер 18 жастағы шешен болған деп мәлімдеді. The Guardian басылымының жазуынша, қаскөй - Мәскеудің тумасы. Қылмыс куәгерлері шабуылдаушының  "Аллаһу Акбар" деп айқайлағанын айтты. Қаскүнем пышақпен шамамен 600 метр жүріп өткен, содан кейін полиция патрульі оны байқап, атып өлтірген. Алайда, Le Parisien басылымының нұсқасы бойынша, кісі өлтіруші қылмыстан кейін Парижге жақын маңдағы Эраньи-сюр-Уазға барған, полицейлер оны сол кезде көріп, өз еркімен берілуді ұсынған. Жауап ретінде қаскөй қалтасынан тапанша шығарған, ал полиция оны атып тастады. Істі терроризмге қарсы бөлім тергеп жатыр. Қазір полиция, өткен аптада Twitter-де жарияланған видеоны да тексеріп жатыр, онда ер адам мұсылман дінін ұстанатын қызының Мұхаммед пайғамбардың карикатуралары көрсетілген сабақта болғанын және мұғалімнің іс-әрекетінен шошығанын айтқан. Бұдан басқа, қылмыскердің жанынан мылтық табылғаны туралы да хабарлар таралып жатыр. Сондай-ақ, полицейлер өлтірмес бұрын қаскүнем өз әрекетін түсірген видеоны интернетке жариялады деген болжамдар айтылуда. alashainasy
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар