Әлемде

Германия мен АҚШ мектептерінде коронавирус өрши түсті

Германия мен АҚШ мектептерінде коронавирус өрши түсті

Германия мектептері вирустың таралу ошағына айналатыны туралы хабарламалар жиілеп кетті. Осыдан екі апта бұрын неміс оқушылары мектептеріне қайта оралған еді. Алайда, Германия үкіметі Берлиндегі 825 мектептің 41-інде ауру жағдайлары тіркелгенін хабарлайды. Коронавирус инфекциясын барлық жастағы мектеп оқушылары жұқтырған. Бастауыш сыныптан бастап, жоғары сынып оқушыларында да ауру белгілері байқалған. Сондықтан жүздеген оқушы мен мұғалім карантинге жіберілді. АҚШ пен Израиль білім министрлігінің хабарлауынша, дәл осындай жағдай олардың да мектептерінде туындап отырғанын мәлімдеді. Ал мектептері бір аптадан кейін ашылатын Францияда 11 жастан асқан балаларға медициналық бетперде тағып жүрі міндеттелді. Сондай-ақ алдағы апталарда Ұлыбритания мен Шотландияда оқушылар мектептеріне қайта барады. egemen.kz