Грекия круиздік лайнермен келетін туристерге салық енгізеді
- авторБақытжан Бекболат
- 15 мамыр, 2025
- 216

Жаңа салық жаздың басынан бастап күшіне енеді.
Грекия үкіметі мұндай шешімді аралдарда, әсіресе Миконос пен Санториниде, туристердің шамадан тыс көбеюімен түсіндіріп отыр. Жиналған қаражат порт инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалмақ.
Алайда халықаралық круиздік компаниялар бұл шешімге наразы.
"Біз бұл салықты тым жоғары деп есептейміз. Үкіметтен бұған басқа реакция күткен едік – бізбен бірлесіп шешім іздейді деп ойладық. Бірақ оның орнына бірден жоғары салық енгізіп отыр. Біз әлі де үкіметтің бұл шешімді қайта қарайтынына, біздің елге қосып жатқан үлесімізді ескеріп, бізбен ашық жұмыс істейтініне үміттенеміз", – деді Norwegian Cruise Line Holdings компаниясының үкімет және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Сэнди Вейр.
Круиздік индустрия өкілдері шамадан тыс туризм мәселесін шешудің тиімді жолы – балама бағыттарды дамыту деп санайды, жаңа салықтар емес.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль мен Иран бітімі мұнай бағасына қалай әсер етті
- авторБақытжан Бекболат
- 24 маусым, 2025
Катардағы жағдайға байланысты Қазақстан елшілігі үндеу жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 маусым, 2025