Грекия круиздік лайнермен келетін туристерге салық енгізеді

Грекия круиздік кемемен саяхаттайтын туристер үшін қосымша салық енгізіп жатыр. Миконос пен Санторини аралдарына түскен кезде әрбір турист 20 еуро төлеуге міндетті болады, ал басқа аралдарда – 5 еуро, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Жаңа салық жаздың басынан бастап күшіне енеді.
Грекия үкіметі мұндай шешімді аралдарда, әсіресе Миконос пен Санториниде, туристердің шамадан тыс көбеюімен түсіндіріп отыр. Жиналған қаражат порт инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалмақ.
Алайда халықаралық круиздік компаниялар бұл шешімге наразы.
Круиздік индустрия өкілдері шамадан тыс туризм мәселесін шешудің тиімді жолы – балама бағыттарды дамыту деп санайды, жаңа салықтар емес.