Интрига мен бәсеке: Польшада президенттік сайлаудың жеңімпазы анықталды

Польшадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінен кейін екі үміткер де өздерін жеңімпаз деп жариялаған. Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Соңғы экзит-пол нәтижесіне сәйкес, оппозиция өкілі Кароль Навроцкий аз ғана басымдықпен алда тұр – ол 51% дауыс жинаған, ал қарсыласы, билік коалициясының атынан түскен Варшава мэрі Рафал Тшасковский – 49%, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алғашқы экзит-полдарда жағдай керісінше болған – Тшасковский сәл ғана басымдықпен алда болған еді.
Алайда бұл әлі ресми нәтиже емес: экзит-полдардың қателік мөлшері – 2%, яғни Навроцкийдің артықшылығы осы шектің ішінде ғана. Дауыс санау жалғасып жатыр, бірақ бұл екі саясаткерге де өздерін жеңімпаз деп жариялауға кедергі болмады.
Оның қарсыласы болса, дауыс санау аяқталғаннан кейін жеңіс өзінде болатынын айтып, Польшада "патриоттық күштерді" біріктіруге уәде берді. Ол сондай-ақ "елде заңсыз мигранттарсыз қалыпты Польша құруды" көздейтінін мәлімдеді.
Жаңарту: TVP Info телеарнасы елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап, президент сайлауында Кароль Навроцкий жеңіске жеткенін хабарлады – ол 50,89% дауыс жинаған, ал оның қарсыласы – 49,11%. Елдегі және шетелдегі барлық сайлау учаскелерінен деректер толық қабылданғаны айтылды.