Иран генералы: Израильдің шабуылы жауапсыз қалмайды

Иран Қарулы күштерінің жоғары лауазымды өкілі Израильдің әуе шабуылына Иран қатаң жауап қайтаратынын мәлімдеді.
Бүгін таңертең Израиль Иранға жаппай әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ирандық Mehr агенттігіне сілтеме жасап.
Ақпарат құралдарының дерегінше, қаза тапқандар бар — олардың қатарында бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер де кездеседі.