Әлемде

Иран президентінің қазасы туралы ресми хабар тарады

Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы таратқан мәліметке сүйенсек, ел президенті Ибрахим Раиси мінген ұшақтың қалдықтары табылған

Иранның Иран Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы Хосейн Коливанд мәлім еткендей, Иран президенті Ибрахим Раисидің апатқа ұшыраған тікұшағы табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Іздеу-құтқару жасағы Иран Президенті Ибрахим Раисидің апатты жағдайда қонған тікұшағын тапты.

Қызыл Жарты Ай қоғамының құтқарушылары тікұшақ апатынан тірі қалған адам жоқ екенін хабарлап отыр.