Әлемде

Иран президенттің өліміне байланысты 5 күн Аза тұтады

Ибрахим Раиси ертең Тебризде жерленеді

Иран мемлекеті президент Ибрахим Раисидің қазасына байланысты бес күн Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, кеше 19 мамыр күні Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелері мінген ұшақ Шығыс Әзербайжан провинциясында апатқа ұшырады. Иран президентімен қатар тағы екі адам қаза тапты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің қазасына байланысты Иран халқына көңіл айтты.