жұма, 25 шілде, 2025 7:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Катардағы жағдайға байланысты Қазақстан елшілігі үндеу жасады

Катардағы жағдайға байланысты Қазақстан елшілігі үндеу жасады
Қорғаныс министрлігі
Катардағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Иран тарапынан Катардағы АҚШ әскери базасына жасалған шабуылдан кейін, бұл елде жүрген Қазақстан азаматтарына Қазақстанның Катардағы елшілігі арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қазіргі уақытта Катардағы жағдай Қазақстан азаматтары мен туристер үшін қауіпсіз. Алаңдамауды, сабыр сақтап, қауіпсіз орындарда болуды және жалпы қауіпсіздік ережелерін ұстануды сұраймыз. Катарда қалып қойған қазақстандық туристерге қатысты: қазіргі таңда елдің әуе кеңістігі толықтай жабық. Әуе қатынасы қайта ашылған соң, қазақстандық туроператорларға жаңа рейстердің күндері туралы хабарланады", – делінген елшілік мәлімдемесінде.

Қазақстанның Катардағы елшілігінің жедел байланыс нөмірлері: +974 4411 0527, +974 4412 8015, +974 5064 9955.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар