Әлемде

Кувейттің жаңа әмірі таққа отырды

Кувейттің жаңа әмірі таққа отырды

Кувейттің жаңа әмірі Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Ұлттық кеңес алдында ант беріп, ресми түрде өзінің тағына отырды. Бұл туралы Kuwait News Agency хабарлайды. Салтанатты іс-шара барысында жаңа әмір Кувейтті сақтауға және қорғауға, сонымен қатар бұрынғы басшының саясатын жалғастыруға ант берді. 29 қыркүйекте Кувет әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах 91 жасында дүние салғанын хабарлағанбыз. Ол Кувейтті 2006 жылдан бері басқарып келді. 24.kz