Әлемде

Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ алуға 2 млрд фунттан астам қаражат бөлді

Ұлыбритания Киевке мыңнан астам әуе қорғаныс жүйесін жеткізді

Ұлыбритания басқаратын Украинаға көмек көрсету халықаралық қоры (IFU) арқылы Киевке 2 млрд фунт стерлингтен (шамамен 2,3 млрд еуро) астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы 9 қыркүйек күні Лондонда өткен «Рамштайн» форматындағы Украина қорғаныс мәселелері жөніндегі байланыс тобының отырысынан кейін Британия Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Қорға қаражат одақтастар мен серіктестердің үлесі есебінен жиналады. Ол Украина Қарулы күштерінің «ең өзекті қажеттіліктеріне» сай әскери жабдық сатып алуға жұмсалмақ.

Ұлыбритания Киевке мыңнан астам әуе қорғаныс жүйесін жеткізді

Британия Қорғаныс министрі Джон Хили бұл қаржыландыруды «маңызды межелік кезең» деп атап, оның бірліктің символына айналғанын айтты.

Хилидің сөзінше, IFU Украинаға бұған дейін мыңнан астам әуе қорғаныс жүйесін, 600-ден астам дронды, радиоэлектрондық күрес құралдарын және әуе шабуылына қарсы радиолокациялық станцияларды жеткізген. Жаңа жеткізілімдер алдағы аптада жалғасады.