Әлемде

Навальный Путиннің жауабы туралы пікір білдірді

Навальный Путиннің жауабы туралы пікір білдірді

"Матросская тишина" тергеу изоляторында отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың басшысы Алексей Навальный Владимир Путиннің жауабына қатысты пікірін айтты.

Айта кетейік, 25 қаңтарда Путин "Дворец для Путина. История самой большой взятки" сенсациялық ролигіне қатысты өз жауабын айтты. Видео 19 қаңтарда желіге таралып, қазіргі уақытта 93 миллион қаралым жинады.

"Менің меншігім ретінде көрсетілген нысандардың ешқайсы маған да, жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған", - деген еді Ресей басшысы онлайн-кездесу барысында студенттің сұрағына жауап беріп.

Келесі күні Навальный сайтында Путиннің жауабына қатысты көлемді мақала шықты.

"Оның қалай жұмыс істейтінін қараңыз. Біз видео зерттеу жарияладық, оны бір апта ішінде 90 миллионнан астам адам көрді. Ал Путин қанша айналып, қашқақтағанымен жауап беруге мәжбүр болды. Енді жиі осылай жасайық", - деді Навальный.

"Жалпы, ол зертеуге мардымды жауап қайтармады. Путин бір фактіні де жоққа шығарған жоқ", - деп қорытындылады Навальный.

  Tengrinews.kz