Әлемде

Үндістанда Тәж-Махал сарайы қайта ашылды

Үндістанда Тәж-Махал сарайы қайта ашылды

Коронавирусқа байланысты Үндістанның ең атақты нысаны алты ай бойы жабық болған еді. Алайда елде әлі індет өршіп тұрғандықтан, тәулігіне тек 5 мың адам қабылдайды. Олар бетперде киіп, арақашықтық сақтауға тиіс. Осыған дейін Тәж-Махал осыншама ұзақ уақытқа жабылмаған еді. Соңғы рет осындай жағдай 1978 жылы Агра қаласында су тасыған кезде болған. Қазір Үндістандағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Ел бойынша 5 миллион 400 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Күн сайын 100 мыңдай жаңа науқас тіркеледі. Ал дерттен қайтыс болғандардың саны 87 мыңға жетті. Күніне ел аумағында бір миллионға жуық тест алынады. Алайда 1 миллиард 300 миллиондай халқы бар Үндістан үшін бұл да жеткіліксіз болып отыр. egemen.kz