Әлемде
«Неге қысқа киім киесіздер?» Қыздардың киімін сынаған қазақстандық әншінің әлемдік концерті өтпейтін болды
- авторjambylinfo.kz
- 28 сәуір, 2024
- 2.0k
Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары мәлім етті
Қазақстан мен ТМД елдеріне Jah Khalib атымен танымал әнші, рэпер Бақтияр Мамедовтің Кишинев қаласында жоспарланған концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Summer Fest фестивалінің ұйымдастырушыларына сілтеме жасай отырып Newsmaker жазды.
«Соңғы жаңалықтар мен орын алып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты Jah Khalib Summer Fest фестиваліне қатыспайды», - деп хабарлаған ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, рэпер YouTube-тегі RUH FOOD арнасының ORTA подкасында «ашық-шашық киінетін қыз-келіншектер зорлық-зомбылыққа көп ұшырайды» деген ойын айтып, қыз-келіншектердің киімін сынаған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024