жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пашинян мен Әлиев Абу-Дабиде бейбітшілікке бағытталған келіссөз өткізеді

Пашинян мен Әлиев Абу-Дабиде бейбітшілікке бағытталған келіссөз өткізеді
press office of the Government of RA
2025 жылғы 10 шілдеде Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Абу-Даби қаласында екіжақты кездесу өткізеді.

Бұл кездесу Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келіссөздер процесінің жалғасы болмақ. Бұл туралы Армения Үкіметі басшысының баспасөз хатшысы Назели Багдасарян хабарлады.

Тараптар Таулы Қарабақтағы жанжалдың аяқталуынан кейінгі кезеңде мемлекетаралық қатынастарды реттеуге бағытталған қадамдарды талқылайды.

Кездесу барысында тараптар қауіпсіздік мәселелеріне, мемлекеттік шекараны демаркациялау, көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ аймақтардағы автономия кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударады. Бұл бағыттар бойынша екі ел арасында әлі де айтарлықтай қайшылықтар бар екені белгілі. Соған қарамастан, Ереван мен Баку ресми түрде бейбіт және қалыпты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге ұмтылатынын мәлімдеуде.

Бұл кездесу — ұзақ уақыт бойы күрделі және шиеленісті болып келген армян-әзербайжан қатынастарын бейбіт жолмен реттеуге бағытталған маңызды кезеңдердің бірі. Келіссөздерге Біріккен Араб Әмірліктері алаң ұсынғаны бейбіт процестің аймақтық қана емес, халықаралық деңгейде де маңызды екенін көрсетеді.

Мамандардың пікірінше, тараптар нақты келісімдерге келе алса, бұл Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, аймақтағы көлік және экономикалық инфрақұрылымдардың дамуына жаңа серпін беруі мүмкін.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар