Әлемде
Польша коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі жасап шығарды
- авторjambylinfo.kz
- 25 қыркүйек, 2020
- 215
Польша коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі жасап шығарды
Польшада коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі-дәрмек ойлап табылды. Препарат қазір клиникалық сынаққа жіберілген.
Дәріні Biomed компаниясы коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан адамдардың қан плазмасын қолдана отырып жасаған. Қазір олар препаратты клиникалық сынақтан өткізу үшін төрт орталыққа жіберді: Люблин, Бытом, Белосток және Варшаваға.
"23 қыркүйекте өндіріс кезеңі аяқталды, нәтижесінде anti-SARS-CoV-2 иммуноглобулинінің үш мыңнан аса ампуласы шығарылды, олар қажетті тестілеуден өткен соң, оның ішінде өнімнің тұрақтылығын тексеру аяқталғаннан кейін клиникалық сынақтарға жіберіледі. Коммерциялық емес мақсатта клиникалық сынақтарға препаратты шығару 2020 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған", - деді компания басшысы Марцин Пирог.
Препарат өндірісі 18 тамызда басталғаны атап өтілді.
"COVID-19-ды жазылып шыққан адамның қан плазмасымен емдеу әдісін ДДҰ және Польша Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады", - деді препараттың тұсаукесеріне қатысқан Польша парламентінің сенаторы, дәрігер Гжегож Челей.
Бұған дейін Қытайда коронавирусқа қарсы 11 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатқаны хабарланған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024