"Путин сарайының" қожайыны делінген миллиардер пікір білдірді
"Путин сарайының" қожайыны делінген миллиардер пікір білдірді
Алексей Навальный Геленджик маңындағы "Путин сарайының" ресми иесі деп ресейлік миллиардер, Шереметьево әуежайы иелерінің бірі Александр Пономаренконы атаған еді, кәсіпкердің көп уақыттан бері бұл нысанға қатысы жоқ. Бұл туралы Forbes порталына Шереметьевоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметіндегілер кәсіпкердің жобадан 2016 жылдың наурызында кеткенін және оның мәртебесі туралы деректер жоғын атап өтті. Әуежай өкілдері Пономаренко үш компанияны - "Лазурная Ягода", "Идокопас" және "Южный цитадельді" сатқанын айтты. Бірақ қаншаға сатқанын айтудан бас тартты.