жексенбі, 7 шілде, 2024 9:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әр елден табылып жатқан монолиттердің жұмбағы. Мамандардың болжамы қандай?

Әр елден табылып жатқан монолиттердің жұмбағы. Мамандардың болжамы қандай?
ашық дереккөзі
Әр елден табылып жатқан монолиттердің жұмбағы. Мамандардың болжамы қандай?
Соңғы кездері бірнеше елден табылып жатқан үшбұрыш металл монолит біраз адамның назарын аудартып, ойландырып қойды. Ол құрылымдар қайдан және қалай шыққаны туралы түрлі пікір айтылады. Алғаш монолит АҚШ-тың Юта штатында табылған болатын. Монолиттің биіктігі шамамен 3-3,5 метр. Металл құрылымды суретшілер қалдырып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтылды. Артынша бес күннен кейін Ютада табылған жұмбақ монолит өздігінен жоғалып кетті. Монолиттен үшбұрышты металл ғана қалған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оны әлдекімдер демонтаж жасап, алып кеткен. Кейіннен Ютадағы монолитті кімдер қиратып, алып кеткені белгілі болды. Жергілікті экскурсия жетекшісі Сильван Кристенсен және экстремал спорт түрі бойынша кәсіби маман Энди Льюис металл құрылымды демонтаж жасап, алып кеткенін мойындап, желіге видео салды. Олар мұндай әрекетке шөлді аймаққа туристер ағылып келе бастағандықтан барған.
"Адамдар көлікпен, автобуспен, фургонмен, ұшақ және тікұшақтармен келіп жатты. Ал ол жерде ешқандай тұрақ жоқ. Тіпті дәретхана да жоқ", - дейді Сильван Кристенсен.
Металл құрылымның бұзылуына қатысты сот отырысы бола ма, әлде жоқ па әзірге белгісіз. Себебі Ютадағы монолиттің қайдан пайда болғаны әлі белгісіз. Одан бөлек, металл монолит РумынияҰлыбритания мен Нидерландта табылған. Ұлыбританиялық The Guardian басылымы монолиттің пайда болғаны туралы бірнеше болжам келтірген.
"Монолиттің пайда болғаны туралы бірнеше теория бар. Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің өкілдері монолит тұрған жерге адам көп барып, соларды құтқаруға тура келетіндіктен құпия ұстаған. Алайда адамдар оның орналасқан жерін тез арада тауып алған. Бірақ бұл бір кездері ұлттық ескерткіштің бір бөлігі болған жерге адамдардың көптеп келуі алаңдаушылық тудырған", - делінген басылым материалында.
Басылым мәліметінше, монолит өнер әлемімен байланысты болуы мүмкін. Басты "күдікті" - 1934-2011 жылдар аралығында өмір сүрген суретші Джон Маккракен. Ол АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Нью-Мексико штатында тұрған.
"Суретшінің ұлы Патрик Маккракен монолитті көргенде қатты таңғалған. Ол New York Times-ке әкесімен бірге әңгімесін айтты. 2002 жылы суретші өзінің жұмыстарын шалғайда жатқан жерлерге кейін оны басқа адамдар тауып алуы үшін қалдырып кеткісі келгенін айтқан екен. "Монолиттің табылуы - оның шығармашылық көзқарасына сәйкес келеді", - деді Патрик Маккракен", - делінген мақалада.
26 қарашада Румыниядан да металл монолит табылған болатын. Юта штатындағы монолитке қарағанда Румыниядағы құрылым үшбұрыш және сыртында оюлар бар. Reuters жаңалықтар және қаржы ақпараттар халықаралық агенттік румыниялық монолитте ешқандай тылсым дүниенің жоғын айтады.
"Мұны белгісіз біреу, бәлкім нашар металл пісіруші істеген болар... Одан бар қалғаны кішкентай тесік қана", - деп хабарлаған жергілікті репортерлер.
The Indian Express басылымы да монолиттердің пайда болуының бірнеше нұсқасын келтірген:
  1. Монолиттердің шығу тегі - бөгдеғаламшарлықтар ісі. Бұл ең танымал теория. Монолиттер бөгдеғаламшарлық нәсілдер қалдырып кеткен артефакт.
  2. Әзіл ретінде жасалған. Тағы бір кеңінен тараған теория - бұл біреудің ермегі. Мұндай жағдай бұған дейін де болған. Ұлыбританиядағы Уилтшир жазығында 1970 жылдары дөңгелектер пайда болған. Ғалымдар аяқ астынан табылған геометриялық өрнектерді зерттей бастаса, қастандық теориясын қолдаушылар олардың не білдіретінін ойланып, бас қатыра бастаған. Бұл дөңгелектер бірнеше фильм мен телешоуда танымал болған. Алайда 1991 жылы  Дэвид Чорли және Дуг Бауэр есімді екі ұлыбританиялық арқан мен ағаш тақтаны пайдаланып жасағанын, ол тек әзіл ретінде жасалғанын айтып, мойындаған.
tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар